Accessibility links

Түркі тілдес елдердің ІІ медиа форумы қазанның соңында Бакуде өтеді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Түркі тілдес елдердің ІІ медиа форумы қазан айының 27-30 күндері Әзербайжан астанасы Бакуде өтеді. Бұл туралы дүйсенбі күні Әзербайжан баспасөз кеңесі хабарлаған.

Екінші медиа форумға бірнеше ондаған түркітілдес мемлекеттерден, атап айтқанда, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түркіменстан, Өзбекстан, Ресей құрамындағы - Татарстан, Башқұртстан, Алтай өлкесі, Тывы, Хакас, Кабардин-Балқар, Карашай-Черкес, Саха елдері мен Украина құрамындағы Қырым автономиясынан өкілдер шақырылады.

Медиа форумның негізгі мақсаты - түркітілдес елдердің бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы байланысты нығайту.

Түркі тілдес елдердің алғашқы медиа форумы былтыр желтоқсан айында Анкарада өткен еді.
XS
SM
MD
LG