Accessibility links

Ливияның жаңа басшысы бірқалыпты ислам негізінде елді құрамыз деді


Ливияның өтпелі кеңесінің жетекшісі Мустафа Абдул Жалил. 12 қыркүйек, 2011
Ливияның өтпелі кеңесінің жетекшісі Мустафа Абдул Жалил. 12 қыркүйек, 2011
Ливия өтпелі кеңесінің жетекшісі елді бірқалыпты ислам негізінде құруға сөз беріп отыр. Мустафа Абдул Жалил бұл мәлімдемесін Триполиде 10 мыңдай қолдаушыларының алдында айтты.

Бұл Ливия уақытша билігінің ел астанасында халық алдына бірінші рет шығуы болды. Ол сондай-ақ өтпелі кеңестің күштерін қандайда бір кек алу шабуылдарын жасамауға шақырды.

Жалил Ливияның жаңа жетекшілері ешқандай экстремистік идеологияны қабылдамайды деді. Amnesty International адам құқын қорғаушы ұйымы биліктен кетірілген Муаммар Каддафиді соғыс қылмыстарын жасады деп айыптады.

Каддафидің қазір қайда екені белгісіз, бірақ оның біраз туыстары Алжир мен Нигерге өтіп кетті.
XS
SM
MD
LG