Accessibility links

Ахмадинежад қамаудағы АҚШ азаматтары 2 күнде босатылады деді


Иран түрмесінде отырған Шейн Бауер мен Джош Фатталдың суреті.
Иран түрмесінде отырған Шейн Бауер мен Джош Фатталдың суреті.
Иран президенті Махмуд Ахмадинежад Тегеранда қамауда отырған екі америкалық саяхатшы екі күннің ішінде босатылатын болды деді.

Бұл туралы Иран президентінен сұқбат алған Американың NBC телеарнасы Twitter желісінде жазған. Ахмадинежадтың сұқбаты әуеге бүгін кешкісін шығады деп айтылды.

Жақында Иран соты тыңшылық жасады деген күдікпен қамауға алынған АҚШ азаматтары Шейн Бауер мен Джош Фатталды 8 жылға қамау туралы үкім шығарған.

Ирақ тауларында қыдырып жүріп Иранға өтіп кеткен Бауер, Фаттал және тағы бір америкалық азаматша Сара Шоурдты осыдан екі жыл бұрын шілде айында ирандық шекарашылар ұстаған болатын.

Сара Шоурд өткен жылы жарты миллион доллар кепіл ақшаға босатылып, АҚШ-қа қайтқан еді. Оның ісі әлі жабылмағаны айтылған.
XS
SM
MD
LG