Accessibility links

Хиллари Клинтон: тәліптер шабуылы АҚШ-ты қорқыта алмайды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон. Париж, 1 қыркүйек 2011 ж.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон. Париж, 1 қыркүйек 2011 ж.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон тәліптердің Кабулдағы шабуылы Вашингтонды қорқыта алмайды деп мәлімдеп, АҚШ-тың ауған халқына жәрдемі жалғаса беретіндігін айтты.

Соңғы деректер бойынша, сейсенбі күні Кабулда ауған үкіметі мен полиция ғимараттарын, НАТО штабын және АҚШ елшілігін нысанаға алған қарулы тәліптер тобының шабуылы салдарынан тоғыз адам қаза болып, жиырмадан аса кісі жараланған.

Ауғанстан президенті Хамид Карзай тәліптер шабуылын айыптады.

Бұл - соңғы бір айдан аз уақыттың ішінде ауған астанасына тәліптер тарапынан жасалған екінші үлкен шабуыл. Тамыздың ортасында Кабулдағы Британ кеңесі мекемесіне жасалған шабуылдан тоғыз адам мерт болған.
XS
SM
MD
LG