Accessibility links

Аргентинада автобус пен пойыз соқтығысып, 11 адам мерт болды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Аргентинада Буэнос-Айрес қаласының шетінде сейсенбі күні темір жол қиылысынан ережені бұзып өтіп кетпек болған автобус екі пойызбен соқтығысып қалған. Соның салдарынан 11 адам қаза болып, ондаған кісі жарақат алды. Олардың ішінде кемінде 30 адам өте ауыр халде жатыр деп хабарланды.

Аргентина көлік министрлігінің хабарлауынша, қаза болғандардың көпшілігі – автобуста келе жатқан жолаушылар.

Мұндай апат Аргентинада осыдан үш жылдан астам уақыт бұрын болған. 2008 жылы наурыз айында автобус пен пойыз соқтығысып, 18 адам көз жұмған еді.
XS
SM
MD
LG