Accessibility links

АҚШ-та кедейлер саны 46 миллионнан асқан


Бронкстағы еңбек мекемесі алдында кезекте тұрған жұмыссыздар. Нью-Йорк, наурыз, 2009 жыл.

Бронкстағы еңбек мекемесі алдында кезекте тұрған жұмыссыздар. Нью-Йорк, наурыз, 2009 жыл.

АҚШ тұрғындарының әр алтауының біреуі, яғни 46 миллионнан астам адам кедейлер қатарына жатады. АҚШ статистика мекемесінің жылдық есебінде осындай деректер жарияланды.

Бұл - америкалық статистика қызметі осындай деректерді жинай бастаған 1959 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.

АҚШ-та жылдық кірісі 11 мың 139 доллардан аспайтын адам кедей саналады. Төрт адамдан тұратын отбасының жалпы жылдық табысы 22 мың 314 доллардан көп болмаса, ондай отбасы кедей шаңыраққа жатады.

Қазір АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі де жоғары - 9,1 пайыз.
XS
SM
MD
LG