Accessibility links

Түркия премьері Туниске келді


Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған Араб мемлекеттері лигасының штаб-пәтерінде сөйлеп тұр. Каир, Египет, 13 қыркүйек 2011 жыл.

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған Араб мемлекеттері лигасының штаб-пәтерінде сөйлеп тұр. Каир, Египет, 13 қыркүйек 2011 жыл.

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған бүгін автократтық режимдеріне қарсы халық толқулары өткен араб елдеріне сапары барысында Туниске келді.

Осының қарсаңында Египет астанасында орналасқан Араб мемлекеттері лигасының штаб-пәтерінде сөйлеген сөзінде Ердоған араб елдерін палестиналықтардың тәуелсіз мемлекет құруға деген талпынысын қолдауға шақырған еді.

Сонымен бірге Түркия үкімет жетекшісі Таяу шығыстағы бейбітшілік процесіне қатысқысы келмейді деп Израильді айыптады.

Қазіргі кезде түрік-израиль қатынасы шиеленісіп тұр. Газа секторына гуманитарлық жүк апара жатқан кемеге израиль әскерилерінің шабуылы салдарынан мерт болған 9 түрік азаматының қазасы үшін Израиль басшылығының кешірім сұраудан бас тартқанына наразылық ретінде ресми Анкара жақында Израиль елшісін кері қайтарған еді.
XS
SM
MD
LG