Accessibility links

ХВҚ Беларусь реформа жасамаса көмек берілмейді деді


Беларусь халқы ет сатып алу үшін ұзақ кезекте тұр. 31 тамыз. 2011
Беларусь халқы ет сатып алу үшін ұзақ кезекте тұр. 31 тамыз. 2011
Халықаралық валюта қоры Беларусь үкіметі реформалар жасағанда ғана, елді қаржы дағдарысынан құтқаруға ақша бөле аламыз деді.

Франциялық AFP ақпарат агенттігіне ХВҚ-ның Минск бойынша өкілі Крис Ярвис біздің арнайы топ алдағы аптада Беларуське барып, осы мәселені талқылайды деген.

Бірақ президент Александр Лукашенко сұрап отырғандай елге бір күнде 8 миллиард доллар көмек беруге қатысты тараптар бір келісімге келе қоймады. Беларусь мамыр айынан бері екінші рет өз валютасын құнсыздандыруға мәжбүр болып отыр.
XS
SM
MD
LG