Accessibility links

Франция соты Доминик де Вильпенді ақтап шығарды


Францияның бұрынғы премьер-министрі Доминик де Вильпен Париждегі соттан шығып журналистерге сұқбат берді. 14 қыркүйек. 2011
Францияның бұрынғы премьер-министрі Доминик де Вильпен Париждегі соттан шығып журналистерге сұқбат берді. 14 қыркүйек. 2011
Бүгін Францияның апелляциялық соты бұрынғы премьер-министр Доминик де Вильпеннен президент Николя Саркозиге қарсы науқанға қатысқан деген айыптар алынып тасталғанын растады.

Осыған дейінгі сотта экс-премьерден айыптарды алған соң, 15 ай шартты жаза беруді көздеген прокуратура сот шешіміне қарсы апелляциялық шағым түсірген.

Саркозидің ең үлкен қарсыласы Доминик де Вильпен 2003 жылы АҚШ-тың Ираққа басып кіруіне қарсы БҰҰ-дағы қатты сөзімен танылған.

Алты жылға созылған жанжал оның Францияның президент сайлауына түсу мүмкіндігіне қарсы жасалып келеді деп айтылған.
XS
SM
MD
LG