Accessibility links

АҚШ Румыниямен зымыраннан қорғаныс келісімін жасады


Румыния сыртқы істер министрі Теодор Баконски.
Румыния сыртқы істер министрі Теодор Баконски.
АҚШ Ресейдің қарсылығын тудырып келген Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату келісімін Румыниямен жасады.

Вашингтонда сапармен жүрген Румыния сыртқы істер министрі Теодор Баконски мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон бұл құжатқа кеше қол қойды.

Румыниямен келісім НАТО-ның Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарының бір бөлігі. Бұл аймаққа өз бақылауын орнатқысы келетін Ресей бұл жоспарға қарсылық танытып келеді.
XS
SM
MD
LG