Accessibility links

Лукашенко сотталған 11 адамға рақымшылық жасады


Солдан оңға: Беларусь түрмесінен шыққан Олег Федоркевич, Дмитрий Буланов және Александр Молчанов. 14 қыркүйек 2011 ж.

Солдан оңға: Беларусь түрмесінен шыққан Олег Федоркевич, Дмитрий Буланов және Александр Молчанов. 14 қыркүйек 2011 ж.

Беларусь президенті Александр Лукашенко былтыр желтоқсан айында Минскіде президент сайлауының ресми қортындысына наразылық білдіріп көшеге шыққандары үшін сотталған 11 адамға рақымшылық жариялау туралы жарлыққа сәрсенбі күні қол қойды.

Бұған дейін президент Лукашенко сотталған 13 адамға рақымшылық жасаған еді.

Бірақ, былтыр Беларусь президенті сайлауында Александр Лукашенкоға балама кандидат болған, кейіннен желтоқсандағы оқиғалар бойынша сотталған 3 адам әлі түрмеде отыр.
XS
SM
MD
LG