Accessibility links

Леон Панетта: АҚШ пәкістандық бүлікшілерге тойтарыс бере алады


АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта Ауғанстандағы АҚШ сарбаздары алдында сөйлеп тұр. 10 шілде 2011 ж.

АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта Ауғанстандағы АҚШ сарбаздары алдында сөйлеп тұр. 10 шілде 2011 ж.

АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта Вашингтон Ауғанстандағы АҚШ әскерилерін пәкістандық бүлікшілердің шабуылынан қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін істейтін болады деп мәлімдеді.

Пентагон басшысы бұл мәлімдемесін сейсенбі күні Кабулда АҚШ елшілігі мен НАТО штаб-пәтеріне қарулы бүлікшілер шабуылынан соң жасады. Бүлікшілерге қарсы 20 сағаттай уақытқа жалғасқан операция барысында жиыны 16 адам қаза болған еді.

АҚШ-тың Ауғанстандағы елшісі Райан Крокер бұл шабуыл үшін жауапкершілікті Пәкістанда орналасқан "Хаккани" эктремистік топқа жүктеді. Бұл топтың "әл-Каида" ұйымымен және тәліптермен байланысы бар делінеді.

АҚШ билігі қыркүйектің 10-ы Ауғанстанның Вардак провинциясындағы НАТО әскери бекетінде болған жарылысқа да осы топтың қатысы бар деп күдіктенеді. Сол жолғы жарылыстан төрт адам қаза тапты, ал жараланған жүзге тарта кісінің 77-сі - АҚШ сарбаздары.
XS
SM
MD
LG