Accessibility links

Қазақстан премьер-министрі Бішкекке барады


Қазақстан премьері Кәрім Мәсімов (оң жақта) пен Қырғызстан премьері Алмазбек Атамбаев. Астана, 4 ақпан 2011 ж.
Қазақстан премьері Кәрім Мәсімов (оң жақта) пен Қырғызстан премьері Алмазбек Атамбаев. Астана, 4 ақпан 2011 ж.
Қазақстан үкіметінің жетекшісі Кәрім Мәсімов бүгін Қырғызстанға бір күндік сапармен барады.

Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, Мәсімов Бішкекте Қырғызстан президенті Роза Отынбаевамен және қырғыз премьер-министрі Алмазбек Атамбаевпен жүздесіп, екі ел арасындағы отын-энергетикалық, сауда-экономикалық және басқа да мәселелер жайын талқылайды.


Сапар қортындысы бойынша, екі ел арасындағы бірқатар құжаттарға қол қойылатыны хабарланып отыр.

XS
SM
MD
LG