Accessibility links

Қайрат Мәми: Парламент конституцияға тіл туралы өзгеріс енгізбейді


Қайрат Мәми (Қазақстанның бас прокуроры кезіндегі суреті). Астана, 3 желтоқсан, 2009 жыл.

Қайрат Мәми (Қазақстанның бас прокуроры кезіндегі суреті). Астана, 3 желтоқсан, 2009 жыл.

Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қайрат Мәми ел парламенті конституцияға орыс тілін пайдалану туралы мәселе бойынша өзгерістер енгізбейді деп мәлімдеді. Бұл туралы Мәми бейсенбіде баспасөз өкілдеріне айтты деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

«Парламент биыл да, келесі жылы да бұл мәселе бойынша конституцияға өзгерістер жасауды қарастырып отырған жоқ, бұл мүмкін емес», - деген сенат төрағасы.

Бұған дейін Қазақстанда 130-дан аса қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, әдебиетшілер мен мәдениет қызметкерлері Қазақстанда орыс тілінің мемлекеттік – қазақ тілімен тең пайдаланатындығы туралы ел конституциясындағы бапты алып тастауды ұсынып Қазақстан президенті мен парламентіне және ел халқына үндеу жасаған еді.

Қазақстан қоғамында қарама-қайшы пікір туғызған үндеуге қол қойғандардың бірсыпырасы кейіннен өз қолдарынан бас тартты.
XS
SM
MD
LG