Accessibility links

Сирияда 8 адам қаза болып, ондаған кісі тұтқындалды


Дамаск түбіндегі Дараяда әйелдер саяси тұтқындарды босату туралы талап айтылған жазу ұстап шеруге шықты. 11 қыркүйек 2011 жылы "Ютуб" сайтында жарияланған видеодан көрініс.
Дамаск түбіндегі Дараяда әйелдер саяси тұтқындарды босату туралы талап айтылған жазу ұстап шеруге шықты. 11 қыркүйек 2011 жылы "Ютуб" сайтында жарияланған видеодан көрініс.
Сирияда өткен тәулікте қауіпсіздік күштерінің оппозициялық шерушілерге қарсы операциялары барысында кемінде 8 адам мерт болған деп хабарлайды жергілікті белсенділер.

Үкімет әскері мен әскери техника елдің солтүстік-батысындағы Жамал-әз-Зауия ауданындағы бірнеше елді мекенге кірген, көпшілігінде тұрғындарға қарсы оқ атқан. Құқық қорғаушылардың айтуынша, жүзге тарта адам тұтқындалған. Олардың арасында сегіз кісі оппозиция жағына өткен полковник Рияд әл-Асадтың отбасы мүшелері деп айтылып отыр.

Дамаскінің шетінде полиция өткен аптада түрмеде жұмбақ жағдайда көз жұмған оппозиция белсендісі Гият Матарды еске алуға жиналған жұртты тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданған.

БҰҰ мәліметінше, Сирияда осыдан бес ай бұрын президент Башар әл-Асадқа қарсы шерулер басталғалы бері 2200-ден астам адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG