Accessibility links

Соңғы 20 жылда әлемде бала өлімі азайған


БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ)

БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ)

Соңғы 20 жылда, яғни 1990-2010 жылдар аралығында, әлем бойынша бала өлімі 12 миллионнан 7,6 миллионға дейін азайғаны туралы БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген жаңа баяндамада айтылып отыр.

Құжат авторларының сөзінше, бала өлімінің азаюына медициналық қызметтің жақсаруы, аурудың алдын алу, иммундық қорғаныс шаралары тәрізді көптеген факторлар себеп болған.

Сонымен бірге, қазір күн сайын әлемде 20 мыңнан астам бала қайтыс болатыны атап көрсетілген баяндамада бала өлімін ауыздықтау үшін әлі көп шаруалар атқару қажеттігі айтылған.
XS
SM
MD
LG