Accessibility links

Британия мен Франция жетекшілері Ливияға барады


Ливия өтпелі кеңесінің жетекшісі Мустафа Абдул Жалил.
Ливия өтпелі кеңесінің жетекшісі Мустафа Абдул Жалил.
Франция президенті Николя Саркози мен Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон Ливияға бармақшы.

Бұл екі елдің жетекшісі 42 жыл елді басқарған Муаммар Каддафиді биліктен кетіруге көмектескен НАТО-ның бомбалық шабуылдарын қолдаған. Саркози мен Кэмерон Ливияның уақытша билігі отырған Триполи мен Бенгази қаласына барады.

Олардың сапары қарсаңында Ұлттық өтпелі кеңестің жетекшісі берілмей жатқан Каддафиге жақын күштерге қарсы көбірек шабуыл болу мүмкіндігін айтты.
XS
SM
MD
LG