Accessibility links

Минск метросында жарылыс жасады деген күдіктілер соты басталды


Метро жарылысына қатысты бас күдікті Дмитрий Коновалов. Минск. 15 қыркүйек. 2011

Метро жарылысына қатысты бас күдікті Дмитрий Коновалов. Минск. 15 қыркүйек. 2011

Беларусь астанасындағы метрода сәуір айындағы жарылысқа қатысы бар деген күдікпен қамалған екі адамның соты Минскіде басталды.

Бас күдікті 25 жастағы Дмитрий Коновалов шабуылды ұйымдастырды деп айыпталса, екінші күдікті Владислав Ковалевке терроризмге қатысты деген айып тағылған. Олар кінәлі деп табылса, өлім жазасын алуы мүмкін.

Сәуірдің 11-де Минск метросындағы жарылыстан 15 адам қаза болып, 200-дей кісі жарақат алған. Қамаудағы екі күдіктіге Минск пен Витебск қаласында басқа да шабуылдар жасаған деген айып тағылған.

Беларусь билігі бұл күдіктілердің шабуыл жасауына не түрткі болғаны туралы әлі ештеңе айтқан жоқ.
XS
SM
MD
LG