Accessibility links

Сербия Косоваға қатысты келіссөздерді тоқтата тұруға шақырды


Сербия мен Косово арасындағы Ярине шекара бекетін күзеткен НАТО құрамындағы Германия сарбаздары өрт сөндіретін құралмен тұр. 27 қыркүйек 2011 ж.

Сербия мен Косово арасындағы Ярине шекара бекетін күзеткен НАТО құрамындағы Германия сарбаздары өрт сөндіретін құралмен тұр. 27 қыркүйек 2011 ж.

Сербия үкіметі Еуропа одағын Косова билігімен келіссөздерді тоқтата тұруға шақырды. Бұған Косовамен шекарада қақтығыстардың қайталануы себеп болды.

Сейсенбі күні ол жерде серб тұрғындары мен НАТО бейбітшілік күштері арасында болған қақтығыстан 11 адам зардап шеккен, олардың төртеуі - шетелдік әскери қызметкерлер.

НАТО өкілінің айтуынша, бақылау-өткізу бекеті маңына жиналған тұрғындар сонда тұрған халықаралық бейбітшілік күштеріне тап берген соң олар ескерту жасап оқ атуға мәжбүр болған. Косовалық сербтер шекаралық аймақта өздері тұрғызған баррикадаларды алып тастауға наразылық білдірген.

Еуропа одағының Косовадағы миссиясының өкілі Николас Хоутон адамдарды соққыға жыққандардың ісін айыптап, жұртты сабырға шақырды. Ол бұл оқиғаға байланысты тексеру жүргізуге уәде берді.
XS
SM
MD
LG