Accessibility links

АҚШ Сальвадор мен Белизді есірткі тарататын елдер тізіміне қосты


Боливия әскері көкнәр алқабын отап жатыр. Юнгас, 11 наурыз 2010 ж. (Көрнекі сурет)
Боливия әскері көкнәр алқабын отап жатыр. Юнгас, 11 наурыз 2010 ж. (Көрнекі сурет)
АҚШ президенті Барак Обама Сальвадор мен Белиз мемлекеттерін есірткі өндіретін және тарататын елдер ретінде "қара тізімге" енгізді.

Ақ үйдің ресми мәлімдемесінде, орталық Америкадағы осы екі мемлекет арқылы Оңтүстік Америкадан Мексика мен АҚШ-қа кокаин тасымалданатындығы айтылған. Барлығы 22 мемлекет енгізілген "қара тізімде" орталық Америкадағы тағы бес ел бұрыннан бар.

Бұл тізімдегі үш мемлекет – Мьянма, Боливия және Венесуэланың билік орындары «есірткімен күресті жолға қоя алмағанға» саналады.

АҚШ президенті есірткі өндіруші және таратушы елдер тізімінде қандай мемлекеттер бар екендігі туралы жыл сайын Конгресті хабардар етіп отыруға міндетті.
XS
SM
MD
LG