Accessibility links

Сирия оппозициясы Ұлттық кеңес құруды ұйғарды


Сирия картасы.
Сирия картасы.
Бейсенбі күні Түркияның Стамбул қаласында жиналған сириялық оппозиционерлердің үлкен тобы елдің балама үкіметі – Сирия ұлттық кеңесін құру туралы келісімге келді. Оппозиция Сирия президенті Башар әл-Асадты биліктен кетіруге күш жұмылдыруға бірігіп отыр.

Кеше Сирияда президент әл-Асадтың қарсыластары үкіметке қарсы жаппай толқу басталғанына жарты жыл толғанын жаңа наразылық ацияларымен атап өтті.

БҰҰ деректері бойынша, содан бергі өткен уақыт ішінде елде үкімет күштерімен қақтығыстар барысында 2600-ден аса адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG