Accessibility links

Ливияда Сирт қаласы үшін ұрыс болған


Ливия ұлттық өтпелі кеңесінің күштері Сирт қаласынан 35 шақырымдай жерде тұр. 15 қыркүйек 2011 ж.
Ливия ұлттық өтпелі кеңесінің күштері Сирт қаласынан 35 шақырымдай жерде тұр. 15 қыркүйек 2011 ж.
Ливия ұлттық өтпелі кеңесіне бағынышты күштер бейсенбі күні елдің биліктен тайдырылған бұрынғы басшысы Муаммар Каддафидің туған жері - Сирт қаласына кірген.

Келіп түскен мәліметтерге қарағанда, қалаға бекінген Каддафидің жақтастары өтпелі кеңес күштеріне қарудан оқ жаудырып, қатты қарсылық көрсеткен. Түнге қарай ұлттық өтпелі кеңес әскері Сирт қаласының шетіне шегінген.

Қырық жылдан аса елді басқарған Муаммар Каддафидің билігіне қарсы жеті айға жалғасқан қарулы көтерілістен соң Ливия ұлттық өтпелі кеңесінің күштері елдің басым бөлігін өз бақылауына алды.
XS
SM
MD
LG