Accessibility links

Үш ғарышкер жерге оралды


Қапталына «Индевор» шаттлы тіркелген халықаралық ғарыш станциясының сыртқы көрінісі. 23 мамыр 2011 жыл.

Халықаралық ғарыш станциясынан үш ғарышкер – ресейлік Андрей Борисенко мен Александр Самокутяев, америкалық Рональд Гаран жерге аман-есен оралды.

Олар мінген "Союз ТМА-21" ғарыш кемесінің аппараты бүгін қазақ жеріне қонды. Ғарышкерлердің денсаулықтары жақсы деп хабарланды.

Алғашқы жоспарға сәйкес, олар жерге қыркүйектің 8-і оралуы тиіс болатын. Алайда "Прогресс М-12М" жүк кемесінің апатқа ұшырауы салдарынан олардың қайтатын уақыты қыркүйектің 16-сына жылжытылған еді.

Қазір халықаралық ғарыш станциясында тағы үш адам – Ресей, АҚШ және Жапония ғарышкері жұмыс істеп жатыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG