Accessibility links

Қырғызстан Бакиевті саясаткердің өліміне қатысы бар деп айыптады


Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев Минскідегі баспасөз мәслихатында. 14 маусым 2010 жыл.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев Минскідегі баспасөз мәслихатында. 14 маусым 2010 жыл.
Қырғызстан биліктен құлатылған бұрынғы президент Құрманбек Бакиевті экстрадициялау туралы Беларуське жаңа өтініш әзірлеп жатқанын хабарлады.

Бүгін ішкі істер министрінің орынбасары Мелис Турганбаев Қырғызстан Бакиевтің экстрадициялануын талап ететін жаңа құжатты Минскіге жолдамақшы деп мәлімдеді. Турганбаевтың айтуынша, Бакиевке "2009 жылы ықпалды саяси тұлғаның өліміне қатысы бар болуы мүмкін" деген айып тағылып отыр.

Қырғыз билігі басында Медет Садырқұлов пен тағы басқа екі адам жол апатында қаза болды деп мәлімдеген болатын. Осы аптада ішкі істер министрлігі Садырқұлов Құрманбек Бакиевтің бауыры Жаныш Бакиевтің тапсырмасымен өлтірілген деп атап көрсетті. Президент күзетшілерінің қызметін басқарған Жаныш Бакиев бостандықта жүр.

Бұдан бұрын Беларусь 2010 жылдың сәуір айындағы толқулар барысында ондаған адамның өліміне қатысы бар деп айыпталған Құрманбек Бакиевті экстрадициялаудан бас тартқан еді.
XS
SM
MD
LG