Accessibility links

Лаңкестік топ Тәжікстандағы дінге сенбейтіндерді қорқытты


Лаңкестік «Жамаат Ансарулла» тобы Тәжікстан халқын «дінге сенбейтіндерді» өлтіруге шақырды.

Аталмыш топ жариялаған бейнетаспада ауған киіміндегі сақал қойған кісі өзінің қарулы тобы Тәжікстанда екенін айтты. Бейнетаспадағы кісі өз атын атамайды. Ол лаңкестік шабуылдар ұйымдастырып, «дінге сенбейтіндерді, тіпті намаз оқып, ораза ұстайтын бірақ демократия мен зайырлы қоғамды қолдайтындарды» өлтіруге шақырды.

«Жамаат Ансарулла» тобы былтыр қыркүйек айында Худжанд қаласында болған жанкештілік жарылысқа байланысты жауапкершілікті өз мойнына алған еді.

Аталмыш топтың бейнетаспасы интернеттегі YouTube сайтында 7 қыркүйекте жарияланды бірақ тәжік бұқаралық ақпарат құралдары ол туралы бүгін хабарлады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG