Accessibility links

Аббас: Палестина мемлекет мәртебесі туралы БҰҰ-ға арыз тапсырмақ


Палестина автономиясы президенті Махмуд Аббас.

Палестина автономиясы президенті Махмуд Аббас.

Президент Махмуд Аббас Палестина автономиясы билігі БҰҰ-ға ресми түрде арыз тапсырып, Палестина мемлекетіне толық мүшелік беруді өтінеді деп мәлімдеді.

Жұма күні Рамаллада сөйлеген сөзінде Махмуд Аббас Палестина халқының БҰҰ-да толық мәртебеге ие болуға құқығы бар деп атап көрсетті. Оның бұл мәлімдемесі келесі аптада өтетін БҰҰ бас ассамблеясы алдында жарияланып отыр.

Израиль Палестинаның әрекетіне АҚШ қарсы болады деп мәлімдеді. Вашингтон БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде ол әрекетке вето қоятынын хабарлады.

Палестиналықтар өздерінің болашақ мемлекетінде 1967 жылы Израиль басып алған Батыс жағалау, Газа және Шығыс Иерусалимнің болуын қалайды.
XS
SM
MD
LG