Accessibility links

Ауғанстандағы қарулы топ бейбіт келіссөзге қатысуға әзір


"Хаккани желісінің" негізін қалаған Жалалуддин Хаккани. Исламабад, 19 қазан 2001 жыл.

"Хаккани желісінің" негізін қалаған Жалалуддин Хаккани. Исламабад, 19 қазан 2001 жыл.

Ауғанстандағы ең ірі қарулы топтардың бірі "Хаккани желісінің" жетекшісі егер Талибан ауған үкіметі және АҚШ-пен арадағы бейбіт келіссөздерге қатысса, оған өзінің қосылатынын хабарлады.

"Хаккани желісі" бүлікші тобының жетекшісі Сиражуддин бұл туралы "Рейтерс" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.

"Хаккани желісі" Пәкістанның Солтүстік Вазиристан тайпалы аймағында орналасқан деп санайтын Вашингтон бірнеше рет Исламабадты бұл топпен күресуге шақырған болатын. Алайда Сиражуддин "Хаккани желісінің" Пәкістанда жоқ екенін, бұл топ өзін Ауғанстанда қауіпсіз сезінетінін атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG