Accessibility links

Косоволық сербтер Митровицада блокада жасап жатыр


Косово картасы
Косово картасы
Косовоның солтүстігіндегі Митровица қаласында жергілікті серб азаматтары екі көпірде блокада жасап отыр.

Түнде қарсылас топтар - жас серб азаматтары мен косоволық албандар екі қауымдастықты бөлетін Ибар өзеніндегі көпірде бірі-біріне тас лақтырды. Зардап шеккендер туралы мәлімет келіп түспеді.

Сербиямен арадағы екі шекаралық бекетті өз бақылауына алуға тырысып жатқан Приштинаның әрекетіне байланысты аймақтағы жағдай шиеленісе түскен болатын.

Жұма күні бұл бекеттерге Косово полициясы мен кеден қызметінің өкілдері және Еуропа Одағының полицейлері орналастырылды.
XS
SM
MD
LG