Accessibility links

Украина премьері Меркельдің мәлімдемесіне жауап берді


Украина премьер-министрі Микола Азаров

Украина премьер-министрі Микола Азаров

Украина премьер-министрі Микола Азаров Киевтің Еуропа Одағына мүше болуға ұмтылыстарын бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенконың сотымен байланыстыру «адамгершілікке жатпайды» деп атап көрсетті. Бұл туралы ол бүгін Қара теңіздегі Ялта курортында журналистердің алдында айтты.

Осыдан бір күн бұрын Германия канцлері Ангела Меркель Украина президенті Виктор Януковичке телефон соғып, Украина сот жүйесінің саяси қарсыластарға қарсы құрал ретінде пайдаланылып жатқанына байланысты алаңдаушылық танытты. Меркельдің баспасөз хатшысының хабарлауынша, Германия канцлері Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың мәселесін көтерген.

Қазір қамауда отырған Тимошенкоға жемқорлыққа қатысты айыптар тағылған. Бірқатар батыс елдерінің үкіметтері Тимошенконың сотын сынаған болатын. Олардың айтуынша, бұл сот әділеттікке қол жеткізу мақсатында емес саяси оппоненттен өш алу үшін жүріп жатыр.

Меркель Януковичке Еуропа Одағының Украинаға көмектесуі үкіметтің демократия мен құқықтық нормаға қатысты міндеттемелерін орындауына байланысты болады деп айтты.
XS
SM
MD
LG