Accessibility links

АҚШ пен Пәкістанның әскери басшылары келіссөздер өткізді


Мамыр айында Пәкістан жерінде Американың арнайы күштері "Әл-қаиданың" жетекшісі Осама бен Ладенді өлтіргеннен кейінгі АҚШ пен Пәкістан әскери қолбасшыларының алғашқы кездесуі Испанияда болып өтті.

АҚШ қарулы күштері штаб бастықтарының бірлескен комитетінің жетекшісі, адмирал Майк Маллен мен Пәкістан бас штабының бастығы Ашфак Кайани әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Исламабадтың келісімінсіз Осама бен Ладенге қарсы оперциялар жүргізілгеннен кейін екі елдің қарым-қатынасына сызат түскен болатын.

Сенбі күні АҚШ-тың Пәкістандағы елшісі Кэмерон Мантер пәкістандық арнайы қызметті «Хаккани» экстремистік жүйесімен байланысы бар деп айыптады. Елші жақында Кабулдағы АҚШ елшілігіне шабуыл жасаған осы ұйым мүшелері дейді.
Бұл мәлімдемеге қатысты Пәкістан билігі пікір білдірген жоқ.
XS
SM
MD
LG