Accessibility links

Ресей делегациясы Дамаскіге барды


Хабарларға қарағанда, Ресей заңгерлерінің бір тобы Дамаскіге Сирия президенті Башар әл-Ассадпен және оппозиция өкілдерімен бейбіт келіссөздер өткізу бастамасымен барған.

«Интерфакс» агенттігі Ресей парламенті жоғарғы палатасы жетекшілерінің біріне сілтеме жасай отырып, егер Сирияның өз ішінде тараптардың ешбір құрбандықсыз саяси бейбіт диалогы өтетіндей болса, Ресей ықпал етіп, көмек беруге әзір деген сөздерін келтіреді.

Ресей делегациясының Башар әл-Ассадпен кездесуі нақты қай күні өтері әзірге белгісіз, сондай-ақ оппозициялық күштерідң қайсысымен кездесетіндері де анық емес.

БҰҰ Сирияда көтерілісшілерді басып-жаншу барысында 2,600 адам құрбан болғандығын айтып отырғанына қарамастан, Ресей Башар әл-Ассад режиміне қолдау көрсетуді жалғастырып келеді.
XS
SM
MD
LG