Accessibility links

Йемендегі қақтығыстарда 26 адам қаза болды


Йемен картасы.

Йемен картасы.

Жексенбі күні Йемен астанасы Сана қаласында президент Әли Абдолла Салехке қарсы наразылық шеруіне шыққан жұртқа қауіпсіздік күштері оқ атқаны туралы ақпарат тарады. Кейбір мәліметтер бойынша, оқиға барысында 26 кісі мерт болып, 100-ден аса адам жараланған.

Билік шерушілерге қарсы әсіредіншіл топтарға жататын мергендер оқ атқан, олар осылайша жағдайды ушықтыруды көздеген деп мәлімдеді.

Йемен халық наразылығы ақпан айынан бері жалғасып келеді. Маусым айында жараланған президент Салех қазір Сауд Арабиясында емделіп жатыр.
XS
SM
MD
LG