Accessibility links

Бішкек-Новокузнецк пойызынан көп мөлшерде есірткі табылған


Апиын алынатын өсімдік. (Көрнекі сурет)

Апиын алынатын өсімдік. (Көрнекі сурет)

Бішкектен шығып, Қазақстан арқылы Ресейдің Новокузнецк қаласына кетіп бара жатқан жолаушылар пойызынан үлкен мөлшерде есірткі табылды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" ақпарат агенттігі.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің хабарлауынша, есірткі пойыз вагонына жасырылған.

«Қыркүйектің он тоғызы күні халықаралық «Ауыл» бекетінде Шығыс Қазақстан облысындағы «Солтүстік» аймақтық басқарманың шекарашылары Бішкек-Новокузнецк бағытындағы пойыздың вагондарының бірінің қаптамасы астына жасырылған 11 бөлек болып салынған салмағы 4,8 килограмм герион мен 7,6 килограмм гашиш тапты», - делінген шекара қызметінің хабарламасында.

Ресми органның мәліметтеріне сәйкес, биылғы жыл басынан бері Қазақстанның шекара қызметі есірткі алып өтпек болған 114 оқиға бойынша жалпы 400 килодан аса есірткі ұстаған. Оның 80 келісі героин, 15 килограмм гашиш және 322 кило марихуана деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG