Accessibility links

Ливияда қақтығыс жалғасып,кабинет әлі құрылмады


Ливия уақытша кеңесінің премьер-министрі Махмуд Жибрил.
Ливия уақытша кеңесінің премьер-министрі Махмуд Жибрил.
Ливияның уақытша үкіметі биліктен қуылған президент Муаммар Каддафиге жақын күштермен қақтығыс жалғасып жатқандықтан, елде жаңа үкімет жасақтау әзірге мүмкін болмай жатқанын айтты.

Жексенбі күнге дейін кабинет мүшелерін анықтауы тиіс болған уақытша үкімет жетекшісі Махмуд Жибрил бұл тұрғыдағы келіссөздер әлі жалғасып жатыр деді.

Ұлттық өтпелі кеңестің күштері Каддафи жақтастары бекінген Бани-Валид және Сирт қалаларына бақылауды ала алмай отыр. Каддафиге қарсы жасақтар бірнеше рет Триполиден 150 шақырымдай жердегі Бани-Валидке шабуылдағанымен, қарсылықтарға тап болды.

Өтпелі кеңес күштері Триполиді өткен айда басып алған болатын. Бірақ Ливияны толығымен Каддафи режимінен азат ету үшін жаңа үкіметтің күштері Бани-Валид және Сирт қалаларын да өз бақылауына алу керек.
XS
SM
MD
LG