Accessibility links

БҰҰ пәкістандықтарға 357 миллион доллар көмек беруге шақырды


Пәкістанның су тасқыны болған Бадин ауданы. 18 қыркүйек. 2011
Пәкістанның су тасқыны болған Бадин ауданы. 18 қыркүйек. 2011
БҰҰ әлемдік қауымдастықты су тасқынынан зардап шегіп, үйлері мен егіндіктерінен айрылған пәкістандықтарға 357 миллион доллар көмек беруге үндеді.

Ұйымның қайырымдылық істер жөніндегі өкілі Хумайра Мехбубтың айтуынша,бұл қаражат су тасқыны шайып кеткен Синд пен Белуджистан провинцияларындағы 5 миллионнан аса адамға алдағы алты айға көмек ретінде берілмек.

Бұл аймақтағы табиғат апатынан 342 адам қаза тауып, 600-ден аса кісі жарақат алған. Тағы 1,8 миллион адам баспанасыз қалып, босып кеткен.

Пәкістанда екінші жыл қатарынан алапат су тасқыны болып, 20 миллионнан аса халыққа зардабын тигізіп отыр.
XS
SM
MD
LG