Accessibility links

Палестина жетекшісі Нью-Йорк жиынын "бейбітшілікке мүмкіндік" деді


Палестина жетекшісі Махмуд Аббас Нью-Йорктегі қонақ үйіне тоқтады. 19 қыркүйек. 2011

Палестина жетекшісі Махмуд Аббас Нью-Йорктегі қонақ үйіне тоқтады. 19 қыркүйек. 2011

Нью-Йоркке жеткен Палестина жетекшісі Махмуд Аббас Израильді Палестина мемлекетін мойында, бейбітшілік үшін мүмкіндікті жоғалтпауға шақырды.

Аббас Нью-Йорктегі БҰҰ бас ассамблеясының осы аптадағы отырысында Палестина мемлекетінің мәртебесін мойындау туралы ресми өтініш жасамақшы. АҚШ БҰҰ-да ондай дауыс беруге қарсылығын танытып, Палестина мемлекетінің келешегі Израильмен келіссөздер арқылы шешілуі тиіс деді.

Палестиналықтар Израиль даулы аймақтағы қоныстануын тоқтатпаса, келіссөздер болмайды деп келген. Бірақ Аббас БҰҰ-на толық мүшелікке өтуден кейін Израильмен алда келіссөздер болуы мүмкін деген.
XS
SM
MD
LG