Accessibility links

Йеменде үкіметтік күштердің оғынан 20 адам қаза тапты


Йемендіктер шеруде жараланған адамды ауруханаға апара жатыр. 18 қыркүйек, 2011

Йемендіктер шеруде жараланған адамды ауруханаға апара жатыр. 18 қыркүйек, 2011

Йемендік күштер бүгін 20 адамды атып өлтірген. Бұл хабарды жергілікті дәрігерлер растап отыр. Осыдан бір күн билік күштері шерушілерге қарсы оқ атқанда, 26 адам қаза тапқан еді.

Санаа қаласында жексенбі күні президент Али Абдулла Салехтің билігіне қарсы онмыңдаған шеруші көшеге шыққан. Хабарларға қарағанда, бұл қаңтар айында басталған наразылық шараларының ең үлкені болды.

Сонымен қоса бүгін Адам құқықтары кеңесіндегі АҚШ өкілі Йемендегі үкіметтік күштердің қақтығысына алаңдаушылық танытты.

Йеменді 33 жыл басқарған Салех шабуылдан алған жарақатынан қазір Сауд Арабияда емделіп жатыр.
XS
SM
MD
LG