Accessibility links

Пәкістанда екі жарылыстан 13 адам мерт болды


Полиция қызметкері жарылыс болған жерді зерттеп жүр. Пешавар, Пәкістан, 19 қыркүйек 2011 ж.
Полиция қызметкері жарылыс болған жерді зерттеп жүр. Пешавар, Пәкістан, 19 қыркүйек 2011 ж.
Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешавар қаласында дүйсенбінің кешінде базардағы дүкендер маңында мотоцикльге қойылған бомба жарылысынан 5 адам қаза болып, 20-дан аса адам жараланған.

Оның алдында елдің оңтүстігіндегі Карачи қаласында жоғары лауазымды полиция офицерінің үйінің алдында жанкештілік жарылыстан сегіз адам көз жұмған еді. Қаза болғандардың алтауы полиция қызметкерлері.

Жанкешті нысанаға алған полиция офицерінің өзі аман қалған, ол өзіне қарсы қастандықты тәліптер ұйымдастырды деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG