Accessibility links

Израиль премьері Палестин жетекшісімен кездескісі келетінін айтты


Палестин автономиясының жетекшісі Махмуд Аббас (сол жақта) пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху. Вашингтон, 1 қыркүйек 2010 ж.

Палестин автономиясының жетекшісі Махмуд Аббас (сол жақта) пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху. Вашингтон, 1 қыркүйек 2010 ж.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху палестин-израиль мәселесін бейбіт жолмен реттеу мақсатында келіссөздерді жалғастыру үшін Палестин автономиясының жетекшісі Махмуд Аббаспен кездескісі келетінін мәлімдеді.

Нетаньяхудың кеңсесі ондай кездесуді БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясы ашылғалы отырған Нью-Йорк қаласында өткізуге болар еді деп хабарлады.

Бұған дейін Махмуд Аббас Израильді Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындауға шақырған еді. Ол Палестинаны тәуелсіз ел ретінде тануды сұрап жұма күні БҰҰ-на ресми өтініш жасамақшы, алайда бұған Израиль мен АҚШ қарсы.

АҚШ Палестина мемлекетінің келешегі Израильмен келіссөздер арқылы шешілуі тиіс деген ұстанымда отыр.
XS
SM
MD
LG