Accessibility links

Standard & Poor's Италияның рейтингісін төмендетті


Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттігінің Нью-Йорктегі кеңсесі.

Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттігінің Нью-Йорктегі кеңсесі.

Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Италияның несие рейтингісін "A+" деңгейінен "A" деңгейіне түсірді. Агенттіктің хабарламасында аталған елдің рейтингісі "теріс" болжаммен төмендетілгені айтылған.

Жақында Италия парламенті бюджет тапшылығын қысқарту жоспарын мақұлдаған еді. Алайда бұл елдің өте күрделі қарыз мәселесі үкімет қабылдаған шаралардың тиімді болатындығына күмән туғызады деп санайды Standard&Poor's агенттігі.

Италияның рейтингісінің төмендеуі - Еуропа одағындағы кейбір елдерде қарыз дағдарысы тереңдеп бара жатқанынан белгі береді. Грецияда дағдарыс шырқау шегіне жетті, бұл ел дефолттың табалдырығында тұр дейді сарапшылар. Бүгін грек үкіметі Халықаралық валюта қоры және Еуропа одағының өкілдерімен елдегі қаржы тұрақтылығын ұстап тұруға қажетті кезекті несие траншын бөлу туралы келіссөздер өткізеді.
XS
SM
MD
LG