Accessibility links

Барак Обама Ливияның жаңа басшылығымен кездеседі


АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама бүгін Нью-Йоркте Ливияның Ұлттық өтпелі кеңесінің басшысы Мустафа Абдел Жалилмен кездеседі.

Бұл кездесу БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясы кезінде одан тысқары өтеді. Сонымен бірге, бүгін Нью-Йоркте дамыған елдердің өкілдері бас қосып, Ливияға жәрдем беру мәселелерін талқылайды.

БҰҰ-на мүше елдердің көпшілігі Ливияның жаңа басшылығын заңды деп таныды. Алайда, Ливияның Ұлттық өтпелі кеңесі әзірге бүкіл ел аумағына бақылау орната алған жоқ. Биліктен тайдырылған Муаммар Каддафиді жақтайтындар Бени-Валид, Сирт және Сабха қалаларында жаңа билікке қарсылық көрсетіп жатыр.

Сонымен қатар, жаңа биліктегілердің пікір қайшылығы салдарынан әлі министрлер кабинеті де құрылған жоқ.
XS
SM
MD
LG