Accessibility links

АҚШ әскерінде гомосексуалистерге шектеу жойылды


АҚШ армиясының сарбазы. (Көрнекі сурет)

АҚШ армиясының сарбазы. (Көрнекі сурет)

Қыркүйектің 19-ынан бастап АҚШ-та өздерінің жыныстық ерекшеліктерін жасырмайтын гомосексуалистер мен лесбийлердің әскерде қызмет етуіне салынған тыйым алынып тасталды.

АҚШ президенті Барак Обама бұндай тыйымның жойылатыны туралы жарлыққа биыл қаңтарда қол қойған еді.

Жыныстық ерекшелігі бар адамдарды әскерге алуға тыйым 1990 жылдары енгізілген болатын, ол «сұрамаса - айтпа» деген принципке негізделді. Тыйым күшінде болған кезеңде өзінің жыныстық ерекшеліктерін өзгеден жасырмай, жария еткен 14 мыңнан астам адам әскер қатарынан шеттетілген.

Осы кезге дейін әскери бөлімшелерде әлгіндей ерекше топқа жататын адамдарға қатысты қозғалып, жүргізіліп келген барлық істер енді жаңа заң күшіне енген соң тоқтатылады.
XS
SM
MD
LG