Accessibility links

АҚШ-та украиналықтардың үстінен сот басталды


АҚШ-та адам саудасымен айналысты деп айыпталған екі украиналық азаматтың соты басталды.

Ағайынды Боцвинюктерге "жерлестерін Америкаға қызықтырып, құлдық жағдайда жұмыс істеуге мәжбүрлеген" деген айып тағылып отыр. АҚШ прокурорларының айтуынша, Омелян және Степан Боцвинюктер АҚШ-қа әкелген жерлестеріне айына 500 доллар төлеуге уәде еткен, бірақ оның орнына оларды азғана тамақ пен мардымсыз ақша үшін дүкендер мен мекемелерде күніне 16 сағат жұмыс істеткен.

Дүйсенбі күні Филадельфия қаласында басталған сот отырысында прокурордың көмекшісі Рэндел Хсиа Боцвинюктер отбасы жетекшілік еткен қылмыстық рэкет фирмасына жұмыс істегендердің кейбірі қашып кетпек болған кезде, соққыға жығылған немесе зорланған деп мәлімдеді.

Адвокаттардың айтуынша, украиналық куәгерлер Боцвинюктерге қарсы өтірік дәлел-айғақтарды келтіріп АҚШ-та тұрақты виза алуға үміттеніп отыр.
XS
SM
MD
LG