Accessibility links

Хельсинки комитеті Наталья Соколованы босатуға шақырды


«Қаражанбасмұнай» компаниясы кәсіподағының заңгері Наталья Соколова. Сурет Ольга Ярославскаядан алынды.
«Қаражанбасмұнай» компаниясы кәсіподағының заңгері Наталья Соколова. Сурет Ольга Ярославскаядан алынды.
Норвегиялық Хельсинки комитеті «Қаражанбасмұнай» компаниясы кәсіподағының заңгері Наталья Соколованы босатуға шақырды.

«Осы күндері Батыс Қазақстанның Ақтау қаласында аппеляциялық сот Наталья Соколоваға қатысты істі қарап жатыр. Соколова тезарада босатылуы тиіс», - дейді Хельсинки комитетінің бас хатшысы Бьерн Энгесланд.

Тамыз айында Ақтау қалалық соты Наталья Соколованы «әлеуметтік жанжал тудырды» деген айыппен 6 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Хельсинки комитетінің бүгінгі мәлімдемесінде Наталья Соколова ереуілдеп жатқан мұнайшылардың мүддесін қорғау арқылы "жәй ғана өзінің қызметтік міндеттерін орындаған" делінген.

Маңғыстау облысында мамыр айынан бері ереуілдеп жатқан "Қаражанбасмұнай" және "Өзенмұнайгаз" компанияларының жұмысшылары жалақыларын көбейтуді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп жатыр.
XS
SM
MD
LG