Accessibility links

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңітуге кім қалай үлес қосып жатыр?


Көрнекі сурет

Көрнекі сурет

22 жыл бұрын мемлекеттік мәртебе берілген қазақ тілі не себепті ресми орындар мен қоғам үшін лингва-франкаға айналмады? Азаттықтың Форумханасына кіріп, қазақ тілінде сөйлеп, жазу қажеттілігін тудыру бойынша төмендегі сұрақтарға сәйкес нақты ұсынысыңыз бен пікіріңізді айтыңыз.


Азаттық радиосы Форумхана жобасы арқылы әлеуметтік желілердің белсенді қолданушыларын қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени өмірдегі түрлі өзекті мәселелер бойынша пікірталасқа шақырады.

1. Конституцияға өзгеріс енгізуден басқа қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін күшейтетін қандай амал бар?

2. Қазақстан азаматы ретінде әр адам тілді жандандыру үшін не жасай алады және қандай шаралар арқылы қазақ тілінің қоғамдағы қолданысын, қажеттілігін арттыруға болады?

3. Жастарды қазақ тілінде сөйлеуге ынталандыру үшін не істеу керек?

4. Қазақ тілді вебсайттар тілді дамыту шараларын жүргізу керек пе?

5. Бұрынғы совет елдері құрамында болған мемлекеттердің өз ана тілдерін сақтап қалу үшін жасаған шаралары мен тіл саясаты үлгісін Қазақстанда қарастыруға бола ма?

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG