Accessibility links

Ресей федерация кеңесінің басшылығына тұңғыш рет әйел сайланды


Валентина Матвиенко. Санкт-Петербург, 22 тамыз 2011 жыл.

Валентина Матвиенко. Санкт-Петербург, 22 тамыз 2011 жыл.

Бүгін Ресейде заң шығарушы органның жоғары палатасы - федерация кеңесінің жетекшісі болып Санкт-Петербург қаласының бұрынғы губернаторы Валентина Матвиенко сайланды.

Ресей тарихында бұл қызметке тұңғыш рет әйел адам сайланып отыр.

Валентина Матвиенконы парламенттің жоғары палатасының спикері етіп сайлауды жақтап 140 депутат дауыс берген, оған қарсы дауыс бергендер болмаған, бір адам қалыс қалған..

Соңғы он жылға жуық уақыт Ресей федерация кеңесінің спикері болған Сергей Миронов биыл мамырдың 18-і күні Санкт-Петербургтің заң шығарушы жиыны кері шақырып алған соң ол қызметінен айрылған еді.
XS
SM
MD
LG