Accessibility links

Демократияға бет бұрған араб елдеріне «Үлкен сегіздік» жәрдем береді


Үкіметке наразылық шеруіне шыққандардың бірі Египет президенті Хосни Мүбәрактың суретін жыртып жатыр. Александрия, Египет, 25 қаңтар 2011 жыл.

Үкіметке наразылық шеруіне шыққандардың бірі Египет президенті Хосни Мүбәрактың суретін жыртып жатыр. Александрия, Египет, 25 қаңтар 2011 жыл.

«Үлкен сегіздік» елдерінің сыртқы істер министрлері демократиялық реформалар арқылы өзгерістер жасауды ниет еткен араб мемлекеттеріне экономикалық және саяси жәрдем беруге міндеттеме алып отыр.

Нью-Йоркте сейсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясындағы кездесуден соң жария етілген мәлімдемеде, өнеркәсібі дамыған «Үлкен сегіздік» елдері «араб көктемін» үлкен үміттердің қайнар бастауы деп атаған.

Франция сыртқы істер министрі Ален Жюппенің хабарлауынша, бүгінгі күнге дейін Египет, Иордания, Тунис және Мороккоға жалпы сомасы 80 миллиард доллардың көмегін беру туралы шешім қабылданған. Бұл жәрдемді аталған елдер алдағы екі жыл бойы алады.
XS
SM
MD
LG