Accessibility links

Мәжіліс дін туралы жаңа заң жобасын мақұлдады


Мешітте намазға тұрған жамағат. Жылыой, Атырау облысы, 22 ақпан 2011 жыл

Мешітте намазға тұрған жамағат. Жылыой, Атырау облысы, 22 ақпан 2011 жыл

Қазақстан парламентінің мәжілісі бүгінгі жалпы отырысында «Діни қызмет және діни ұйымдар туралы» жаңа заң жобасын мақұлдады.

- Жобада діни ұйымдарды құру, мемлекеттік тіркеу, қайта құру және таратудың жүйелі тәртібі белгіленген. Жобадағы негізгі жаңалық - діни бірлестіктің айқындалған мәртебесі болады, - деп түсіндірді Қазақстанның діни істер жөніндегі агенттігінің жетекшісі Қайрат Лама Шариф.

Жаңа заң жобасы бойынша, жергілікті діни ұйым құру үшін оның қатарында кемінде 50 адам, аймақтық ұйымды құруға кемінде 500 мүшесі болуы керек. Ал республикалық мәртебеге ие болу үшін діни ұйым құрамында кемінде 5 мың адам болуы тиіс.

Жобаға сәйкес, мемлекеттік органдарда, әскер, сот-құқық, білім және денсаулық сақтау мекемелерінде діни ғұрып-жоралғылар жасайтын орындар ашуға тыйым салынады.

Сонымен бірге парламент мәжілісінің депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын да бүгін бірінші оқылымда мақұлдады.
XS
SM
MD
LG