Accessibility links

Словения парламенті үкіметке сенімсіздік танытты


Словения премьер-министрі Борут Пахор. 22 наурыз 2011 жыл.

Словения премьер-министрі Борут Пахор. 22 наурыз 2011 жыл.

Словения парламенті премьер-министр Борут Пахор басқаратын үкіметке сенімсіздік танытты.

Бұл туралы шешімді сейсенбі күні өткен парламент отырысына қатысқан депутаттардың 51-і жақтап дауыс берген. Парламенттің 36 мүшесі қазіргі үкіметті қолдаса, 1 депутат қалыс қалған.

Словения заңына сәйкес, енді бір ай мерзім ішінде парламент жаңа премьер-министрді сайлай алмаса, қазіргі парламент таратылып, кезектен тыс парламент сайлауы өтеді.

Кезектен тыс сайлау желтоқсан немесе қаңтар айына белгіленуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG