Accessibility links

БҰҰ өкілі: Беларусь билігін саяси тұтқындарды босатуы керек


БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі өкілі Нави Пиллай. Женева, 12 қыркүйек 2011 жыл.
БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі өкілі Нави Пиллай. Женева, 12 қыркүйек 2011 жыл.
БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы өкілі Нави Пиллай Беларусь билігін түрмеде отырған барлық саяси тұтқындарды бостандыққа шығаруды және ол елге БҰҰ миссиясы өкілдерінің келуіне дереу рұқсат беруге шақырды.

Нави Пиллай бұл мәлімдемесін Беларусь мемлекетіндегі ахуал туралы БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінде жасаған ауызша баяндамасында айтты. Ол кеңес биыл маусым айында Беларусь билігін елдегі оппозицияның шерулерін басып-жаншығаны үшін айыптаған болатын.

Нави Пиллай 2010 жылы желтоқсанның 19-ында өткен президент сайлауынан кейін Беларусь елінде адам құқығы жағдайының елеулі түрде нашарлап кеткендігін атап өтті. Оның сөзінше, әсіресе азаматтардың сот әділеттілігіне, бейбіт жиын өткізу еркіндігіне, ождан, сөз бостандығына қатысты құқықтарының жайы алаңдаушылық туғызып отыр.

Сонымен бірге ол Беларусь еліндегі адам құқықтарын бұзу оқиғалары арасында азаптау, тұтқындағыларға қатыгездік таныту, азаптаушылардың жазаланбай қалуы сияқты жайттарды атады.
XS
SM
MD
LG